«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі 2001 жылы құрылды, оның құрамына екі тілде шығатын облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері кірді. Сондай-ақ, Атырау облысындағы 7 аудандық газет те холдинг құрамында.

Медиахолдингтің жеке баспаханасы, цифрлы баспа орталығы және баспасөз клубы бар.

Қазақ тіліндегі облыстық «Атырау» газеті 18 мың данадан астам тиражбен шықса, орыс тіліндегі облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тиражы – 5 мың данадан артық.

«Атырау-Ақпарат» баспаханасынан кітаптар, альбомдар, блокноттар және тағы да басқа баспа өнімдері шығарылады.

Сонымен қатар, медиахолдинг базасында жергілікті студенттерді оқыту мектебі құрылып, журналистер үшін әр түрлі тақырыпта шеберлік сабақтары өтіп тұрады.

Қызметкерлердің саны 200 адамнан аса.

Top