12,1 млрд. теңге құрайтын 49 жобаға субсидия бөлінді

12,1 млрд. теңге құрайтын 49 жобаға субсидия бөлінді

Былтыр Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 127 жұмыс орнын құрумен құны 6,7 млрд. теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Алимұxаммед Құттұмұратұлы есептік кездесуінде айтты.

«2019 жылы 65 жұмыс орнын құрумен құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаны іске қосу жоспарланып отыр:
Негiзгi салалардың бірі – жаппай кәсiпкерлiкті дамыту болып табылады. Бұл мақсатта қаладағы 31 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс жасап, нәтижесінде 1,5 трлн. теңгенің өнімі өндірілді, ол 2017 жылмен салыстырғанда 46%-ға өсіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 240,8 млрд. теңгені құрады» деді қала әкімі.

Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында 167 сауда орны бөлінді. Сондай-ақ, «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің 46 жәрмеңкесі ұйымдастырылып өзара ынтымақтастық меморандумына сәйкес қала базарларында 155 сауда орны ұсынылып, маусымдық мерзімде қызмет көрсетті.

«Өздеріңізе белгілі, 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.​2018 жылдың қорытындысымен бағдарлама аясында жалпы несие соммасы 12,1 млрд. теңге құрайтын 49 жобаға субсидия бөлінді» деді шаһар басшысы.

Ішінара кепілдендіру бойынша – жалпы несие соммасы 392 млн. теңгеге 27 жоба қолдау алды.
​Қаржылық емес қолдау құралы шеңберінде жылдың қорытындысымен 600-ге жуық жаңа кәсіпкерлерге, ал ісін жалғастырушы кәсіпкерлерге 667 сервистік қызмет көрсетілді. «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша қаланың 397 кәсіпкері оқытылды. «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2018 жылдың қорытындысымен қала бойынша 38 адамға 380 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Кәсіпкерлерге инфрақұрылым жүргізу мәселесі бойынша бюджеттен 44 млн.теңгеге қолдау көрсетілді.

Leave a Comment