№30А және №7 бағытында жаңа автобустар жолға шықты

Атырауда №30А және №7 бағытында жаңа автобустар жолға шықты.

№30А бағытына су жаңа сегіз автобус қатарға қосылса, №7 бағытты «АйсТрансХолдингтің» орталықта жүрген бұрынғы алты автобусы толықтырған.

Олардың жүру схемасы өзгеріссіз қалды. №30А – Атырау әуежайынан Жеңіс саябағына дейін, №7 – Химпоселоктен Лесхоз ықшам ауданы аралығына дейін қатынайды.

«Қоғамдық көліктер әлі де жетіспейді. Алдағы уақытта тағы 20 жаңа автобустың келетіні жоспарланған. Әсіресе, №30, 8, 4 бағытындағы көліктер саны аз. Соларға 2-еуден немесе 4-еуден қосқымыз келеді» дейді «Атырау Автопарк» ЖШС директоры Айдарбай Достанұлы.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top