ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА «АТЫРАУ» ДА ҚАТЫСАДЫ

Қ. Тарбаев хабарлағандай, Италияға баруға жолдама алу үшін өткен байқауға Мұнай және газ институтының 23 түлегі қатысыпты.
Брифингте айтылған сауалдардың бірі қазақ тілін үйретуге қатысты болды. Қазіргі таңда Атырау облысы қазақ тілін меңгеруден республика бойынша алдыңғы орындардың қатарында. Бүгінгі күні халықтың 97 пайызы мемлекеттік тілді, 92 пайызы орыс тілін, 6,7 пайызы ағылшын тілін біледі. Облыста барлығы 198 мектеп жұмыс істейді десек, оның 138-і қазақ тілінде, бесеуі орыс және 55-і аралас тілде білім беріп жатыр. Бірақ, соған қарамастан мектептің барлық түлектеріне «алтын ұямен» қоштасар сәтте мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар, өңірде ономастика қызметінің де атқарған істері аз емес екен. 252 әкімшілік-аймақтық бірлікте топононимдер мен геонимдерді жүйелендіру бағытында жұмыстар жасалған. Атап айтсақ, 3904 геоним мекен-жайлық тіркеу жүйесіне енгізілген.
Журналистер тарапынан қызығушылық тудырған мәселе атыраулық «Атырау» футбол командасының республика чемпионатына қатысу жайы болды. Себебі бұған дейін жанкүйерлер арасында қызу пікірталастың алаңына айналған «Атыраудың» чемпионаттан алынғаны туралы ақпар шыққан еді. Бүгінгі шынайы көрініс мынадай: Наурыздың 28-іне дейін клубқа барлық қаржылық жағдай мен проблемаларды шешуге уақыт берілді. Өйткені, облыс басшылығы «Атырау» командасының ел чемпионатына қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Тек қана олардың құрамына легионерлерді алмау жөнінде шарт қойылды. 9-наурызда Таразда атыраулық команданың қатысуымен алғашқы ойын өтеді. Тағы бір қойылып отырған шарт – командадан 6 ұпай шегерілетін болады.

Өз тілшіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top