«Баспана» компаниясы тұрғын үй құрылысына 150 млрд. теңге бөледі

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «Баспана» ипотекалық ұйымы несиелік тұрғын үй құрылысына 150 млрд. теңге сомасында өз үлесін қосуға ниетті.

Егер компания осындай шешім қабылдаса, айтарлықтай сома несиелік баспана құрылысы нарығында айналымда болады.

– Үкімет осы мақсатта 270 миллиард теңге бөлуде. Сонымен қатар, Ұлттық банк тиісті шешім қабылдаса, онда «Баспана» ұйымы да бұл үрдіске қатысады, – деді министр.

Бұған дейін Ұлттық банктің еншілес ұйымы «Баспана» ипотекалық компаниясы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының операторы ретінде таңдалған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top