Атыраулық студенттер универсиадада 32 алтын медаль еншіледі

Бір апта бойы Каспий маңы мемлекеттері университеттерінің VI халықаралық спорттық ойындары қызық пен тартысқа толы болды.

Универсиада ойындары қаламыздағы бірнеше спорттық нысандарда қатар өткізіліп, сайыстарды тамашалауға келген көрермендердің қарасы мол болды. Студенттер спорттың он түрі бойынша бәсекеге түсіп, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Әзербайжан елдерінің және Каспий өңіріндегі қазақстандық жастар жарыс жолында бақтарын сынады.

Жалпы командалық есеппен Универсиада барысында 32 алтын, 21 күміс, 16 қола медаль иемденген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спортшылары бірінші орын алды. Ал, 17 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен Дағыстан мемлекеттік университеті екінші сатыда болса, 6 алтын, 9 күміс, 4 қола алған Астрахан мемлекеттік техникалық университеті жүлделі үштікті түйіндеді.

Мұратбек Жаңабай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top