1 қазаннан бастап барлық депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өзгерді

1 қазаннан бастап барлық депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өзгерді.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Бақыт Когуловтың айтуынша, енді депозиттердің мөлшерлемелері салымның мерзімі мен түрлері, мерзімінен бұрын алу және толықтыру құқығы бойынша сараланатын болады.

Яғни, салымшы депозитті ашқан кезде, қаражатын ұзақ уақытқа дейін қайтарып алмауға дайын болса, оған ең жоғары кіріс тағайындалады. Сонымен қатар, 15 миллион теңгеге дейін қорғалады. Сәйкесінше, депозит ашып, қаражат салып, оның белгілі бір көлемін керек кезде алып, қайтадан толықтырар жеке тұлғаға аз мөлшерлеме белгіленеді.

Ескерер мәселе, бұл тәсіл теңге салымдарына ғана қатысты. Ал, шетел валютасындағы депозиттерге шекті мөлшерлеме бұрынғы күйінде қалып отыр. Яғни, 1 пайыз.

«Бүгінде Атырау облысындағы депозиттер көлемі 301,7 миллиард теңгені құрады. Осы ретте, биыл ұлттық валютадағы депозиттер 12,7 пайызға өссе, шетел валютасындағы салымдар 30,7 пайызға қысқарды. Бұдан түйеріміз, депозиттердің долларлану деңгейі төмендеуде»,-дейді облыстың бас банкирі.

Айдос Қарабала

Фото kaztag.info сайтынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top