16 теміржол станциясы автоматтандырылған

Атыраудағы 16 теміржол станциясы автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған.

Бұл туралы баспасөз конференциясында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Атырау филиалының директоры Ихлас Абаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауына сәйкес «Цифрлық теміржол» стратегиясы әзірленген.

Бұл ретте автоматтандырылған басқару жүйесі құжаттарды ресімдеуді азайтуға, тауарларды жіберу және тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, пойыздың жұмысын жедел басқару және басқару аймақтарындағы жедел жағдайды көрсету үшін «ГИД Урал» жүйесі іске қосылыпты.

«Бұл жоба – пойыздар қозғалысы мен басқа да жүйелік функциялардың кестесін талдау және талдауды автоматтандыру арқылы жедел жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады. Бүгінде «ГИД Урал» жүйесіне 7 станция мен 70 абонент қосылған», – деді Ихлас Абаев.

Айдос Қарабала

Фото автордікі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top