«Атырау-Ақпарат» қызметкерлері министрдің марапатын иеленді

«Атырау-Ақпарат» ЖШС мекемесінің қызметкерлері министрдің марапатына ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мекеменің қызметкерлері Амантай Илиев ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, ал Сағынжан Ғизатуллин ҚР ІІМ алғыс хатымен марапатталды. Атырау облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлыбек Көшенов жеке құрам алдында аталған азаматтарды құттықтап, марапаттарын табыстады.

Еске сала кетейік, қос жігіт тамыз айында Тұрғындар қалашығындағы автомобиль көпірінен секірмекші болған қызды құтқаруға келген полиция қызметкерлеріне жәрдемдесіп, ажалға араша болған еді.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top