Дәрі аларда абай болыңыз!

Атырауда жыл басынан бері медициналық дәрі-дәрмекті рецептісіз берген 16 фармациялық мекеме анықталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Фармация департаментінің айтуынша, құрамында кадеині бар және ауруды басатын әсерлі дәрілерді рецептісіз беруге қатаң тыйым салынатынын түсіндіру мақсатында жоспарға сәйкес семинарлар, кездесулер өткізілуде.

ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы аталған мәселе бойынша тоқсан сайын жедел алдын алу шараларын жүргізетін болады.

Атырау облысы бойынша қазіргі уақытта 401 дәріханалық нысандар жұмыс істейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top