Аулалардағы заңсыз қоршаулар алынып жатыр

«Облыс орталығындағы тұрғындардың көптеген шағымдарына сәйкес тұрғын үйлердің аулаларында жасанды қоршауларды алып тастауға қатысты рейд басталды» деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, облыс орталығының орталық көшелерінің тұрғындарынан заңсыз орнатылған шлагбаумдарға, автокөлік танспорты қозғалысына кедергі келтіретін қоршауларға, апаттық қызметтерге және тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін келеңсіздіктерге қатысты шағымдар жиілеп кетті.

– Өткен демалыс күндері рейд барысында Владимирский, Құлманов, Сәтбаев және Ғұмаров көшелерінде заң бұзушылықтар анықталды. Тұрғындар 9 аулада заңсыз жасанды қоршаулар орнатып, жолдарды бетон конструкцияларымен қоршаған. Бұл жасанды тосқауылдардың барлығын біздің қызметкерлер бұзды. Қоршауларды алып тастау кезінде заң бұзған тұрғындарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылатын болады, – деп мәлімдеді қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Сәтпаев көшесіндегі 50 үйдің ауласында заңсыз орнатылған қоршаулар алып тасталған еді. Жалпы, жұртшылық жасанды қоршаулардың жолды бөгеп, жедел жәрдем, өрт сөндіру жасақтары, сондай-ақ, полиция автокөліктерінің қозғалысына кедергі келтіретінін түсіну керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top