Өңірде 54 жеделсаты ауыстыруды қажет етеді

Атырауда 26 дана жолаушылар және 28 жүк-жолаушылар жеделсатысы (лифт) ауыстыруды қажет етеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев баяндады.

«Биыл тұрғындардың өтініштері негізінде қаладағы 6 үйдің (Қ.Сәтпаев даңғылы 52,54,56, Б.Момышұлы көшесі 15,17,19 үйлер) жеделсатыларын ауыстыруға 73,4 миллион теңге қаражат қажеттілігі анықталды. Қазірде олардың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Аталған көпқабатты үйлердегі жеделсатыларды ауыстыру 2019 жылға жоспарланған» дейді Мұрат Иғалиев.

Тоқтала кетейік, бүгінгі таңда Атыраудағы 114 үйде 301 дана жеделсаты бар. Олардың 266-сы жолаушыларға арналса, 35-і жүк тасымалына бағытталған.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top