Атырауда «Е-SHANYRAQ» пилоттық жобасына 28 үй қосылады

Атырауда «Е-SHANYRAQ» пилоттық жобасына 28 үй қосылады деп жоспарлануда.

Аталған бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесі жаңадан бой көтеріп жатқан 28 көппәтерлі тұрғын үйге, «Береке» ықшамауданындағы 20 үйге және Нұрсаядағы 8 тұрғын үйге енгізілмекші.

Бұл пилоттық жоба шеңберінде түрғын үйлерге нақты дерек беретін есепке алу аспаптарын (жылу, электр, су және газ үшін) орнату мақсатымен «Білімді үй» жүйесіне қосылу қарастырылған.

Сонымен қатар, Атырау қаласы бойынша қосымша 11 көпқабатты үй аталмыш пилоттық жобаға кіріктіріледі деп күтілуде.

 

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top