Өңірдегі 750 отбасы тұрғын үй көмегіне мұқтаж

Атырауда 750 отбасы тұрғын үй көмегіне мұқтаж. Ал, бұл көмек қалай есептеледі, кімге беріледі?

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Тналиевтің айтуынша, тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 28,7 млн. теңгені құрайды. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 387 мүгедек балаға 11,2 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленген.

Жұртшылық тұрғын үй көмегін өзге жеңілдіктермен шатастырып жатады. Ақиқатында, тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. Басқаша айтқанда, егер үйдің шатырын, жылу, сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге және өзге де шаруашылыққа ақша жиналса, қамқорлықты қажет ететін жанға жарнасы қайтарылуы мүмкін.

Сонымен, тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға тағайындалады.

«Тұрғын үй көмегін есептеудің өзіндік тәртібі бар. Тұрғын өзінің құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсырады. Мәселен, ол бізге қараша айында келді делік. Тұрғын шілде, тамыз, қыркүйек айларының отбасылық кірісін және коммуналдық шығындарының түбіртек-шоттарын тапсырады. Бірінші кезекте отбасының кірісі есептеледі. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық нысанды үйлерде әлеуметтік тұрғын үй ережесі бір адамға пайдалы алаңның 18 шаршы метр, ал, жалғызбасты азаматтар үшін 30 шаршы метр мөлшерінде бекітіледі»,-деді әлеуметтік төлем секторының меңгерушісі Жаңылсын Сидалиева.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Фото inform.kz сайтынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top