Атырауда 6956 отбасыға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген

Атырауда 6956 отбасыға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Мұқтаж жандар санатына жататын отбасыларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 563,2 млн. теңгені құрайды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 5648 қызметкеріне де отын сатып алу үшін 28,2 млн. теңге біржолғы көмек төленіпті.

Сонымен қатар, Атырау қаласында тұрғын үй көмегіне жергілікті бюджеттен 21,5 млн. теңге бөлінген. Биыл 10 айда 535 отбасының 1055 мүшесіне 20,4 млн. теңге тағайындалыпты.

«Бұл ретте, биыл көмек алушылар қатары 59 адамға көбейіп отыр. Былтыр 499 отбасыға 18,5 миллион теңге төленген еді»,-дейді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Жаңылсын Сидалиева.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top