Атырау облысы – ең жоғары жалақы алатын өңір

Елімізде ең жоғары жалақыны Атырау облысы алады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы мен Астана тұрғындары да бұл тізімге кіреді.

Finprom.kz сайтының хабарлауынша, биыл III тоқсанның соңында орташа айлық жалақы бір жылда 9,3% өсіп, 161,8 мың теңгені құрады. Өткен жылы осы уақытта орташа айлық жалақы 148 мың теңге болған еді. Соңғы бес жыл ішінде 2016 жылы жалақы ең көп — 13,3%-ке өсіп, нақты жалақы индексі 96,7% болған.

2018 жылдың III тоқсанының соңындағы жағдай бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында  – 310,6 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (275,9 мың теңге) 12,6%-ға көп.

Екінші орында орташа айлық жалақы 4,8%-ке артып, 260,6 мың теңгеден 273,2 мың теңгеге жеткен Маңғыстау облысы тұр. Үшінші орында – астаналықтардың орташа айлық жалақысы. Ол 8,1%-ға өсіп, 240,7 мың теңгеге жеткен.

Орташа жалақы мөлшерінің өсімі ең көп үштікке Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top