Атыраулық муай-тайшы Ищан Галиев Тайландта жеңіске жетті

Атыраулық муай-тайшы Ищан Галиев Тайланд елінде кәсіпқойлар арасындағы екінші жекпе-жегін өткізді.

«Жергілікті спортшымен болған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ищан қарсыласын бас көтертпей, айқын басымдылықпен ұтты» деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.

Бұл – атыраулық спортшының кәсіпқой аренадағы екінші жекпе-жегі. Екі қарсыласын да нокаутпен ұтып отыр. Қазіргі уақытта ол Тайланд елінде өз қаржысына оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Ищан Галиевтің биыл Мексика елінде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болғанын да айта кету керек.

Айқара Ғұмар

Фото облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының Facebook парақшасынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top