«Білім басқармаларын жапсақ, бюджет қаржысын үнемдейміз»

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі, мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме, ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинаңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заң бұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет» деді Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада оң тәжірибе бар. Шетелде мектептерді тікелей қаржыландырады. Мұндайда Білім және ғылым министрлігі ақпараттық теxнологиялар арқылы тікелей бақылау шараларын да жүргізе алады.

«Мысалы, қазір «Күнделік» деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен артық шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат түзілген» деп атап көрсетті Дариға Назарбаева.

Айқара Ғұмар

Фото tobolinfo.kz сайтынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top