Атырауда қылмыстық топ құрықталды

Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ құрықталды.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айтуларынша, қылмыстық топ 5 адамнан құралған. 18-24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі қаладағы күзет фирмаларының бірінде жұмыс істейтіні анықталды.

Олар Өзбекстан Респуликасының екі азаматынан ұялы телефондары мен ақшалай қаражаттарын тартып алған.

Бүгінде аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

«ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды» деп мәлімдеді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айқара Ғұмар

Фото 24.kz сайтынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top