Сыртқы жолдар уақытша жабылды

«Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында алдағы екі күнде (7-8 желтоқсан) көктайғақ болады.

«Сол себепті, «Доссор-Құлсары-Бейнеу», «Атырау-Астрахан» және «Атырау-Мақат» автожолдарындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды» деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқару қызметінің мамандары оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында автокөлік жолынан өту кезінде ерекше сақ болуды, асықпай қозғалуды, қауіпті жерлерді (баспалдақ, мұздақ тротуар) айналып өтуді, автокөлікпен алыс жол сапарын кейінге шегеруді ескертеді.

Егерде қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, «112» құтқару қызметіне хабарласуларыңыз сұралады.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top