Жаңа кәріз-тазалау алаңына негізгі кәріз стансасы салынады

Облыс орталығының оң жағалауындағы кәріз-тазарту қондырғыларында биологиялық тазарту жүйесі жоқ. Механикалық тазарту жайы да көңіл көншітпейді. Қолданыстағы санитарлық-тазалық аумағында тұрғын үй құрылыс нысандары орналасқан. Осыған…

Толығырақ Жаңа кәріз-тазалау алаңына негізгі кәріз стансасы салынады

Еуростандартқа сәйкес 200-ден аса қоқыс жәшігі жеткізіледі

Қазіргі уақытта 120 жаңа жәшік қалаға әкелініп, орнатуға дайындалуда, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Осылайша облыс орталығында ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде…

Толығырақ Еуростандартқа сәйкес 200-ден аса қоқыс жәшігі жеткізіледі

Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешені салынуда

Елбасы мұнайлы өңірге сапары барысында жергілікті әкімдікке бірқатар міндеттер жүктеп еді. Оның ішінде облыс орталығының тазалығы мен экологиялық ахуалы күн тәртібінен түспеу қажеттігі айтылған-ды. Қазір…

Толығырақ Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешені салынуда

«Жастар» алаңына 750 түп көшет отырғызылды

Тазалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Нұрсая» ықшам ауданының «Жастар» алаңына 750 түп көшет отырғызды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияның басты…

Толығырақ «Жастар» алаңына 750 түп көшет отырғызылды

Атырауда әлеуметтік мекемелерге 5 мың ағаш отырғызылады

Қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы кезекті аппарат жиналысы кезінде ТКШ бөліміне әлеуметтік мекемелерге ағаш отырғызуды және көгалдандыруды тапсырды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. – Биылғы…

Толығырақ Атырауда әлеуметтік мекемелерге 5 мың ағаш отырғызылады

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – ТАБИҒАТТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ

«Дөңгелек үстел» басына жиналғандар осындай  байламға келді 

Сөз жоқ, Атырау облысы – ел бюджетіне қомақты түсім түсіріп отырған өңір. Аймақта мұнай-газ қорының молдығы, осы сала төңірегінде әлемдік маңызы бар ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы, әрине, қуантады. Отандық және шетелдік инвесторлардың осында көбірек шоғырлануы нәтижесінде жұмыссыздық мәселесі де оңтайлы шешілуде. Жергілікті бюджетке де қомақты қаржы құйылуда.

Алайда, таразының екінші басын бағамдасақ, қоршаған ортаға салынып жатқан салмақ та ауыр. Ғалымдар мен мамандар түрлі дерттің пайда болуы ауаның ластануы салдарынан екендігін айтады. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы облыстық комитеті мен облыстық «Атырау» газеті редакциясы бірлесіп өткізген «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме осынау экологиялық проблемалардың түйінін тарқатуға арналды.

Толығырақ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – ТАБИҒАТТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ

КӘСІПОДАҚ КАСПИЙ ҮШІН АЛАҢДАЙДЫ

Әлемдегі эколог мамандардың сараптауынша, Каспий өңірінің табиғи ахуалы заманауи талаптарға жауап бермейді. Қоршаған ортаның ластануы адамдар арасында сан түрлі кеселдердің пайда болуына жағдай туғызса, экологиялық зиянды әсерлер адамдардың өмір сүру ұзақтығын шектейді. Одан өңірдегі басқа да тіршілік иелері, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де жапа шегуде. Бұл мәселелер тек табиғат жанашырлары, сала мамандары мен ғалымдар, соның ішінде кәсіподақтардың бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана өз шешімін табады. Бұл туралы «Атырау» шипажайының конференц-залында өткен Каспий өңіріндегі трансұлттық компанияларда еңбек етіп жатқан жұмысшылардың әлеуметтік үлгілерін қамтитын декларацияға толықтырулар мен жаңартулар енгізу бағытындағы халықаралық жиында сөз болды.

Толығырақ КӘСІПОДАҚ КАСПИЙ ҮШІН АЛАҢДАЙДЫ

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА – ҚАТАҢ ТАЛАП

Жақында, Атыраудағы «Жайық-Каспий-Орхусс орталығы» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен кезекті қоғамдық тыңдау өткізілді. Бұл жолғы отырыс «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша белгіленген табиғат қорғау шараларының 2014 жылдың тоғыз айындағы орындалу барысын және 2015 жылға межеленген жоспарларын талқылауға арналды. Шараны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының геология және дайындау жұмыстары жөніндегі орынбасары Абат Сұпығалиев құттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі. Аталмыш кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Сәлима Әбітова күн тәртібіндегі мәселеге байланысты баяндама жасады.

Толығырақ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА – ҚАТАҢ ТАЛАП

КАСПИЙ ТАҒДЫРЫ ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ

қоғамдық тыңдау түйіні де осы 

Сөз жоқ, Солтүстік Каспий жобасы – қазақ мұнай-газ тарихындағы ерекше оқиға. Қазақстан тұңғыш рет айдын төсінен «қара алтын»  алуға бет бұрды. Ал, Қашаған кеніші – дүние жүзінде соңғы қырық жылда ашылған ең ірі кен орны.

Рас, оның тұсауы кесілгенімен, бүгінде техникалық себептерге орай өнім өндіру тоқтап тұр. Әйтсе де, теңіздегі жасанды «D» аралынан Батыс Ескенедегі мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына тартылған құбыр толық ауыстырылған соң жұмыс қайта жанданады. Сол кезде экологиялық ахуал асқынып кетпей ме? Тосын оқиғалардың алдын қалай алуға болады? Су жануарлары өміріне төнер қатер қандай? Міне, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясының алдымыздағы жылға жоспарлаған табиғат қорғау шараларына арналған қоғамдық тыңдауға жиналғандар осындай және өзге де сауалдарға жауап іздеді.

Толығырақ КАСПИЙ ТАҒДЫРЫ ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ

ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНІ: БІР МАҚСАТ, ОРТАҚ МҮДДЕ

«Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі – 2020 жылға  қарай халықты таза  ауыз сумен, 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын және 2050 жылға қарай жалпы елімізді су ресурстарымен  тұрақты қамтамасыз ету  проблемасын шешу болып  табылады.

Толығырақ ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНІ: БІР МАҚСАТ, ОРТАҚ МҮДДЕ
Top