Атырауда қарттар күні аталып өтті

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қарияларға және мүгедектерге арналған қайырымдылық асы берілді. Бүгінде өңірдегі Қарттар мен мүгедектер үйінде 103 адам тұрады. Оның 57-сі 1 және…

Толығырақ Атырауда қарттар күні аталып өтті

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БАСТАУЫ

Ол – еңбекпен есейген буынның өкілі. Алаңсыз балалық күндерін сұм соғыстың зұлматына айырбастаған алдыңғы топ ағалардың легінен. «Адалдық пен таза еңбек қана абырой бастауы болмақ» деген қағидатты өмірлік принципіне айналдырған ардақты азамат, өңірдің өрістей түсуіне септескен жан.

Мұнайлы өңір Атырау аймағының аты озып, даңқы өрлеуіне себепші болған Тікенбаев Муса Мауытұлы туралы сөз бастауында осылай деген жөн болар…

Толығырақ АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БАСТАУЫ

ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАП, САЛТЫН АРДАҚТАҒАН…

Атырау өңірі елдің арын арлап, амандығын тілейтін, жұртының қамын ойлайтын азаматқа кенде емес. Сондай ел ардақтыларының бірі – Өнербек Жанбала. Жылқы жылы желтоқсанның 23-і күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында «Ақжайықтың ақтаңгері» атты шығармашылық кеші өткен бұл азаматтың Атырау өлкесіндегі ұлттық өнер өрнектерін жоғалтпай, сақтап қалып, оны жас ұрпаққа мұра ету үшін жасап жүрген еңбегі зор. 

Толығырақ ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАП, САЛТЫН АРДАҚТАҒАН…

«БІЗ ЕЛБАСЫН ҰЛЫҒЫЛАУҒА ҚАТЫСҚАНБЫЗ» – дейді атыраулық ардагерлер

Президент сайлауында  айқын жеңіске жеткен Елбасын ұлығылау салтанатына Атыраудан барған делегация құрамында бір топ еңбек ардагерлері де болған-ды. Солармен бірге, Атырау облысының Құрметті азаматтары, кезінде бірі – балық шаруашылығын, екіншісі ет өндіру саласын басқарған Қайыржан Әлиев пен Бақи Аймағамбетов те қатысты. Тұңғыш Президент күні қарсаңында олардан сол шақты еске түсіруін өтінгенбіз. 

Толығырақ «БІЗ ЕЛБАСЫН ҰЛЫҒЫЛАУҒА ҚАТЫСҚАНБЫЗ» – дейді атыраулық ардагерлер

АҚФЛОТТЫҢ ҰЛЫ

Өткен ғасырдың жетпіс үшінші жылының көктемі. Алдында бір-екі жыл көп тиражды кейін аудандық газетте аз-мұз еңбек еткен менің енді «Коммунистік еңбекке» бұрынғыдай ауыл-село тілшісі емес, штаттағы қызметкері ретінде жұмысқа кіріскен сәтім еді. Аядай бөлмеде төрт қызметкер отырамыз. Оның екеуі – есіктен кіріп келгендегі орында кеңес құрылысы бөлімінің меңгерушісі, белгілі фельетонист Нури Муфтах пен сол бөлімнің тілшісі Мұқан Көптілеуов. Одан арғы төргі үстелде мәдениет бөлімінің меңгерушісі Қилыбай Қуанышбаев отырса, қарсы орында менмін. Әуелгіде басшылар тарапынан «кеңес құрылысы бөліміне барасың» деген әңгіме болып еді. Менің әдебиетке икемдігімді байқаған Нұрекең «шырағым, өлең жазсаң – жоғарыла, маған үйреніскен Мұқаным да жарайды» деп мені Қилекеңе қарай ысырып тастады. Ал Қилекең болса, жападай көзілдірігінің аржағынан бажырая қарап алды да, «осы күннен айтып қояйын, облыстық газетке ақын емес, қара сөзге, өндіріске жақын адам керек. Басылымның әр санында өлең емес, өмірдің өзі туралы жазылады» деп маған басылым ұстанымын ашып айтты да, алдыма әрбірі екі-үш елі болатын үш-төрт папканы қоя салды.

Толығырақ АҚФЛОТТЫҢ ҰЛЫ

ҚАРТТЫҚТЫ МОЙЫНДАМАЙТЫН АДАМ

Орынғали Қарасаев ағамыз қарапайым отбасында өмірге келген. Елімізге тұтқиылдан жау шапқанда Отан қорғауға аттанады. Соғыс аяқталып, аман-есен елге оралғаннан кейін түрлі лауазымды, басшылық жұмыстарды атқарып, шыңдалады. Қазір Орекең тоқсан жасқа келді. Өмірден оқығаны мен көргенін көңілге тоқи білген, көкірек көзі ашық, абзал аға әрдайым алдымызда топ бастап келеді.

Толығырақ ҚАРТТЫҚТЫ МОЙЫНДАМАЙТЫН АДАМ

АБЫЗ АҒА

Бүгінгі аға буынның еңбексүйгіштік, мақсатқойғыштық ұстанымы мен ұлттық сана, ар тазалығы, ата дәстүріне адалдық қасиеттері – біз сияқты жеделдес інілері үшін де, қазіргі өскелең ұрпақ үшін де үлкен бір тәрбие мектебі. Осындай елге сыйлы, үлкен бедел биігінен көрініп жүрген ардақты аға, абыз ақсақалдардың бірі әрі бірегейі – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, облыстың Құрметті азаматы, бүгінде 90 жастың төріне шығып отырған Орынғали Қарасаев ағамыз.

Толығырақ АБЫЗ АҒА

АРДАГЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Кеше Атырау қаласындағы жаңадан ашылған Неке сарайында салтанатты да тағылымды шара өтті. Есімі өлкемізге ғана емес, елімізге танымал тұлғалардың бірі, соғыс және еңбек ардагері, Атырау облысының және Индер ауданының Құрметті азаматы, атыраулық абыз ақсақалдардың бірі Орынғали Қарасаевтың 90 жасқа толуына орайластырылған шара ұйымдастырылды.

Толығырақ АРДАГЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

ҚҰМДАҒЫ ІЗ

«Сапар  Қарымсақовтың  феномені»

кітабының  тұсаукесері  өтті

Ғасырдан астам уақыт бойы «қара алтын» өндіріп келе жатқан Доссор – Қазақстанда ең алғашқы ашылған кен орны. Осынау алып тарихи кезең қазақ мұнайшыларының алғашқы шоғырын қалыптастырды. Елімізден шыққан тұңғыш білікті инженер-мұнайшылардың қатарында Сапар Қарымсақов та бар еді.

Толығырақ ҚҰМДАҒЫ ІЗ
Top