Атырауда 430 көпқабатты үй салынады

Атырауда 430 көпқабатты үй салынады

Тұрғын үй құрылысын жалғастыру үшін жалпы көлемі 1400 гектар аумақ бөлініп, жаңа ықшамаудандарда 25 мың пәтерлік 430 көпқатарлы үй салу жоспарланып отыр. Есепті жиында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бұл жұмыстар биыл жасалатынын атап айтты.

– Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру аясында өңірлік үйлестіру кеңесінің 3 отырысы болып, 3 жоба бойынша жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау мақұлданды. Нәтижесінде, өткен жылы аумағы 5,1 мың шаршы метр болатын 338 пәтерлік 2 тұрғын үйдің, сондай-ақ, 1 және 2 қатарлы 60 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлеріне «Атырау» ӘҚК АҚ-ы жеке серіктеспен бірлесіп, жалпы ауданы 19,9 мың шаршы метр болатын 297 пәтерлік 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды, – деген Нұран Асқарұлы Атырау қаласы сол жақ жағалау бөлігінің, Аққыстау ауылының, Доссор және Мақат кенттерінің кәріз-тазарту имараттарының құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, Аққыстау ауылынан және Индербор кентінен өрт сөндіру депосын салу жоспарланып отыр. Ал, қалалық ішкі істер департаментіне ғимарат салу жұмыстары жалғасатын болады.

Айбөпе САБЫРОВА

Leave a Comment