Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа балабақша ашылды

290 орындық мектепке дейінгі мекеме демеушілік есебінен салынды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Самал ықшамауданының тұрғындарына 290 балаға арналған жаңа балабақша берілді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «КТК-К» тарапы демеушілік көмек көрсеткен.

Балабақшаның құрылысы Атырау облысының әкімдігі мен «КТК-К» АҚ арасында жасалған келісім аясында жүзеге асырылды. Объектінің жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады.

– Бүгінде Самал ауданында 2,5 мыңға жуық адам тұрады. Жаңа балабақша жергілікті тұрғындарға үлкен сыйлық. Қазіргі таңда 900 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде, ол жақын арада жақын маңдағы шағын аудандардың балалары қатынай алады, – деді Атырау қаласы білім беру бөлімінің басшысы Фаруза Шангреева.

Балабақша директоры Клара Базарбаеваның айтуынша, келесі жылы қаңтарда мектеп өз есігін ашады. Ал әзірше мектепке дейінгі мекеме басшылары кадр жинақтап, ата-аналардан құжат қабылдауда.

– Біз оқушыларды 12 топқа бөлеміз және бөбектер тобы да жұмыс жасайды. Біздің балабақшаның ерекшелігі – ерекше балаларға, 10 бала үшін инклюзивті сынып болады, – дейді Клара Базарбаева.

Айта кетейік, Самал ауданында балабақшаның құрылысы бір жыл бұрын басталды. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балалар үшін барлық жағдай бар. Атап айтқанда ең заманауи жабдықтар мен жиһаздар, кең залдар, ойын бөлмелері мен сыныптары бар.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top