Атыраудағы жылы аялдамалар ашылды

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала көшелерін кеңейту және қайта құру жөніндегі жобаның аясында үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін 23 жаңа аялдама павильоны сатып алынды. Сондай-ақ, аялдаманың 7-еуі коммерциялық нысандарға арналған.

Кәсіпкерлер осы объектілерді пайдалану бойынша өздерінің бизнес-жобаларын жүзеге асырды. Соның нәтижесінде алдағы уақытта облыстық перинаталды орталық, Авангард ықшамауданы, Тайманов көшесі бойында орналасқан Исатай-Махамбет алаңының маңында гүл сататын дүкендер мен кофеханалар жұмыс істейтін болады.

«Жылы» аялдамалар қаланың тұрғындары мен қонақтарға автобусты жайлы жағдайда күтуге үлкен мүмкіндік береді. Ал жабық автобус аялдамалары  «Дина», «Теміржол вокзалы», «Привокзальный» ықшамаудандарында орналасқан.

Сағат 7.00 мен 21.00 аралығында халық көп жиналатын бұл аялдамадарды «Спецавтобаза» ЖШС қарайды.

Айта кетейік, қала әкімі Алимұхаммед Құтұмұратұлы 2019 жылы қалалық аялдамаларды жаңғырту бойынша Атырауда 60 жаңа аялдама сатып алынады деп хабарлаған болатын. Сонымен қатар, олардың 30-ы облыс орталығында орнатылады, қалған 30-ы ауылдық округтерде шоғырланады деп күтілуде.

 

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top