Атыраудың білікті судьялары анықталды

Атырау облыстық соты мен «Атырау» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «Білікті судья» телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздарды марапаттауға арналған шара Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршиновтің, «Атырау» телеарнасы директорының орынбасары Балауса Халелованың, телеарна веб-редакторы Мейірбек Ұланбаевтың, телеарна редакторы Гүлназ Кәрімжанныңжәне жобаға қатысушы судьялардың қатысуымен өтті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаға 14 судья қатысып,ең білікті судьяны халық 28 қаңтар мен 11 ақпан аралығында дауыс беру арқылы анықтады. Ал байқауға қатысушы судьялар туралы арнайы хабарлар төларна эфирінде көрсетіліп отырды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Білікті судья» байқауында халықтың ықыласына бөленіп, ең көп дауыс жинаған Атырау қаласының №2 сотының судьясы Эльмира Ойкулова бас жүлдемен марапатталып, Атырау қаласының №2 сотының судьясы Дауренбек Даумов жүлделі I орынды, Атырау қаласының тергеу сотының төрағасы Бахытгуль Дюсебалиева жүлделі II орынды, Атырау қалалық отының судьясы Гулназ Турганова жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, Атырау қаласының №2 сотының судья Зәуре Қазақбай көрермен көзайымы номинациясына ие болды.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top