Атыраулық тұрғындар қала әкіміне мыңнан аса сұрақ жолдады

Атырау қаласының тұрғындары бір айдың ішінде қала әкімнің сұрақтарын жазбаша түрде де, әлеуметтік желілерде де сұрақ қоя алады, деп хабарлайды Атырау қаласының әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласы мен ауылдық округ тұрғындарының мыңға жуық сұрағы Алимұхаммед Құттұмұратұлына жазбаша түрде жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкіміне сауалыңызды хат арқылы жолдап, қорапқа сала аласыз. Қорап қаладағы төрт қоғамдық орындарда орнатылды. Атап айтқанда, Сатпаев, Баймұханов көшесіндегі ХҚКО көрсету орталығы, қалалық жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ «Сарайшық» базары.

«Жіберілген сұрақтарда тұрғындар телефон нөмірін және мекен-жайын көрсетуі керек. Барлық сұрақтар өңделді, қала әкімінің баяндама барысында айтылады» деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа қала әкімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында 900-ден астам сауал түсті. Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, жолдардың салынуы, көшелерді жарықтандыру және жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелерден тұрды.

«Әкімге сұрақтар жіберген тұрғындар есеп беру кездесуінен кейін де жауап беріледі» дейді Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлының есебі 13 ақпан күні Құрманғазы мәдениет сарайында сағат 10.00-де өтеді.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top