ҰРПАҒЫ ТӘРБИЕЛІ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ МЫҚТЫ

yrpaguҚай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне зор көңіл бөліп отырған. Әрине, жас өскінді тәрбиелеудің жолы сан алуан. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу маңызды іс саналады. Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында аталмыш тақырып кеңінен талқыланып, бұл бағытта атқарылған жұмыстар сараланды. Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен жиын барысында бұдан да өзге мәселелер күн тәртібіне қойылды. 

Мал баққанға бітеді ал, ауылда агроөнеркәсіпті дамытуға көзқарас қандай?

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған мақсаттар біздің еліміздің дамуына жол ашқан ұзақ мерзімді стратегия екені даусыз. Осы Жолдауды оқи отырып, әсіресе, ауыл адамдарының алдына мол мүмкіндіктер ашылғанын сезіне түсесің. Бірақ, соны ауыл жұрты пайдаланып отыр ма? Бізді осы жағдай қатты мазалайды.

Ұшқыр ойлы, семсер сөзді Сүлеймен

 Облыстық газеттің соғыс жылдарындағы

бас редакторы С.САУЫРҒАЛИЕВ туралы тың деректер

8betttasfdОблыстық «Атырау» газетінің алғаш шыға бастағанына 90 жыл толуына орай жарық көрген мерекелік нөмірімізден кейін де үш айға жуық уақыт өтті. Сол тоқсан белестің сағаты соққаннан бергі қысқа мерзімде редакция поштасы небір тосын да  тың дерек-мәліметтерге толды, шежіреміз бұрынғыдан да байыды. 

 

Есірткіге елігіп, өміріңе балта шаппа!

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының залында облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, қалалық денсаулық, білім бөлімдері, ЖИТС, наркология, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Есірткіге ешқашан жол жоқ!» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

 

Терезеден құлаған бала оған кінәліні іздегеннен гөрі, өзіміз мұқият болғанымыз дұрыс

terezeҚалада мамыр айында үш бірдей баланың терезеден құлап кету оқиғасы орын алды. Оның біріншісінде қаладағы С.Датов көшесіндегі №31 үйде болған. Бесінші қабаттағы пәтердің торланып та қоймаған терезесінен құлап кеткен сәби жантәсілім етеді. Екінші жағдай да дәл осындай. Құлманов көшесіндегі үйлердің сегізінші қабатынан оқыста құлап кеткен алты жасар қыз қыршынынан қиылған. Ал, Махамбет көшесіндегі №109 үйдің 4 қабатынан құлаған төрт жас шамасындағы баланы періштесі қағып, аман қалады. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде емделіп жатыр.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОҢЫР ӘУЕНІ латын әліпбиіне көшкенде қайта жаңғырады

4batkaЛатын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жолдары бар? Өзгенің қателігін қалай қайталамауға болады? Әліпби ауыстыруда нендей мәселелерге баса назар аударған дұрыс? Қайткенде қазақ тілі әлемдік ақпарат айдынына шығады? Әліпби алмастырумен ғана рухани тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз ба? «Қазақ әліпбиі және латын графикасы: жаңару мен тиімділік» тақырыбында Атырауда өткен аймақтық ғылыми-практикалық конференция барысында ғалымдар осы сауалдарға жауап іздеді.

ТАРИФТІ ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

tarifteКеше ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі болып өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.
Мәжілісте еліміздегі тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындарда – табиғи монополия субъектілерінде жаңа тариф саясатын жетілдіру» жайында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлама жасады.

«М.Әуезовті оқимыз» – халықаралық акция Ұлы даланың ұлы жаршысы

Сондай-ақ, Абайдың бейнесін үлгі ете отырып, ізгілік, ұлтжандылық, адамгершілік, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидаларын өмірлік ұстаным ете білуге тәрбиелеу.
Кеш «Ұлы даланың ұлы жаршысы» тақырыбында слайд көруден, сонан соң Абайдың «Сегіз аяқ» және «Көзімнің қарасы» әндерін тыңдаудан басталды.

«Қазақ емес екенсің…» деген тақырыптағы мақалаға орай

emes«Атырау» газетінің 2013 жылғы 23 мамыр күнгі санында осындай тақырыпта мақала жарияланған еді. Онда ономастика мәселесі сөз болған. Есімдер беру және басқа да атауларға байланысты мораторий жарияланғаннан кейінгі жылдарда елді мекендерге, оқу орындарына, қаладағы дүкендер мен кафе-барларға, мейрамханалар мен түнгі клубтарға, көшелерге атау беруде көптеген түсініксіздіктер болғаны рас.

Ақ жол саған, «Ақ желкен»!

akzholБиыл облыс бойынша 5040 түлек орта мектеп аттестатын алып, үлкен өмірге қадам басты. Жыл сайынғы дәстүрлі «Ақ желкен –2013» салтанатты шарасы биыл да Махамбет атындағы қазақ драма театрында айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов түлектерді өмір белестеріндегі ең ұмытылмас сәтпен құттықтап, ақ жол тіледі.