КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ШАЛҚЫДЫ

76hjМұнайлы астана жұртшылықты өнерімен де тамсандырды

Кеше жерінің байлығымен, халқының дархандылығымен шартарапқа танылған, Ақ Жайықтың жағасында орналасқан әсем шаһар «Өнерімен танылған өркенді ел – Атырауым» атты облыс өңірлерінің мәдениет күндері шарасын қорытындылады. Шараға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен ұйымдар басшылары, депутаттар, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.
Елдің шырайын асырып, «Қазақ мұнайының астанасы» атанған Атырау қаласының кешегі шежіресі мен бүгінгі жетістігі облыс орталығында өткен мәдени күнінің аясында жан-жақты көрінді.

Толығырақ КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ШАЛҚЫДЫ

АЙТЫЛҒАН СӨЗ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Сейсенбі күні өткен үкімет отырысында «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы қаралды. Селекторлық жиынды облыстық әкімшілікте облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған басшылар тікелей бейнебайланыс арқылы тамашалады.

Толығырақ АЙТЫЛҒАН СӨЗ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

«ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ…»

6655678Дүниеде аузын ашса жүрегі көрінетін сәбидің, дертінен құлан-таза айыққан науқастың, бойындағы бұла талантын танытуға мүмкіндік алған дарын иесінің, жалпы жұртшылықтың алғысын алғанға не жетсін?! Осы орайда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы Консорциумының мұнайлы аймақтағы білім, денсаулық және мәдениет, басқа да мекемелерге көрсеткен көмегінің арқасында облыста үлкен жұмыстар жүзеге асуда. Өткен жылды да кәсіпорын табысты аяқтап, түрлі саладағы 11 жобаға қолдау білдірді. Бұл жобалардың тұсаукесер рәсімі Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында өтіп, БАҚ өкілдері консорциум қолұшын берген бірнеше нысанды аралады.

Толығырақ «ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ…»

«АЛТЫН ДАУЫС» — ӨНЕРЛІЛЕР БАЙҚАУЫ

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанындағы «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығы қала мектептерінің арасында «Алтын дауыс-2013» караоке байқауын өткізді.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті, қалалық білім бөлімі, мәдениет бөлімі, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мамандарынан құрылған қазылар алқасы дарынды балалардың өнерлерін сарапқа салды. Облыс орталығындағы он мектептің талантты деп танылған өрендері караокеге қосылып, жанды дауыста ән айтып, бақтарын сынады.

Толығырақ «АЛТЫН ДАУЫС» — ӨНЕРЛІЛЕР БАЙҚАУЫ

КӨКТЕМГІ ЕГІС — ЫРЫЗДЫҚҚА НЕГІЗ

Ауыл тұрғындарына алдағы егін егу науқанына көмек ретінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі жалпы шамамен 74,3 млрд. теңге бағыттауға ниетті. Бұл туралы холдинг баспасөз қызметі мәлім етті. Республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына арналған қаражат холдингтің еншілес компаниялары – «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ желісі бойынша бөлінетін болады.
Биылғы өзгеріс сол, енді 2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру үш қаражат көзінен жүзеге асырылады – 60 млрд. теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие, 600 млн. теңге көлеміндегі АШҚҚҚ меншікті қаражаты, сондай-ақ 13,7 млрд. теңге Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға бөлінген қаражаты есебінен.

Толығырақ КӨКТЕМГІ ЕГІС — ЫРЫЗДЫҚҚА НЕГІЗ

АУЫЛҒА ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАУ БАР

ОБЛЫС АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНДЕРІНЕ 870 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСА ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСАЛДЫ

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған болатын. Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы индустрияландыру және әртараптандыру. Компания «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінің берген мәліметіне сәйкес, Атырау облысындағы агроөнеркәсіп кешендеріне «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы (2001-2013 жылдары) 870 млн. теңгеден аса инвестиция жасалды. Ал, 2012-2013 жылдар аралығында облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы сомасы 167 млн. теңгеден аса несие берілді.

Толығырақ АУЫЛҒА ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАУ БАР

ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫ ЕЛДІҢ БРЕНДІ БОЛСА…

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау филиалының жетекші ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Елемес Дәулетұлы АБДОШЕВ мырзамен сұхбаттасып, мал тұқымын асылдандыру төңірегіндегі ой-толғамдарымен бөліскен болатынбыз.

ІЛГЕРІЛЕУ ТЕТІГІ — ІЗДЕНІС
— Еділбай қойының тұқымы еліміздің батыс өңірінде бұдан біраз бұрын, дәлірек айтқанда, он тоғызыншы ғасырдың 70-80 жылдарында көршілес Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысының Казталовка, Фурманов, Жаңақала, Орда аудандарының аумағында селекциялау жолымен өмірге келген, — деді Елемес Дәулетұлы. — Басты ерекшелігі сол, заманның өзінде еділбай жиырмадан астам жергілікті қой тұқымының арасынан іріктелініп алынған және ең ірісі саналған. Атап айтқанда, тірілей салмағы, тез өсіп-жетілгіштігі, жүнінің тығыздығы мен сапалылығы, жергілікті жағдайға бейімділігі жағынан да оның басқаларынан артықшылығы байқалып тұрады.
«Ештен кеш жақсы» демей ме дана халқымыз. Ендеше, қазақтың еділбайын басқалар еншілеп алмай тұрғанда, тиісті заңдылықтарға сәйкес халықаралық дәрежеде, мемлекеттік тұрғыдан мәртебесін анықтап, лицензиясы мен сертификатын беріп, өзімізге меншіктейтін мезгіл жетті деп есептеймін. Бүгіндері ақ түсті, ақшыл жүнді, құйрықты еділбай қойын өсірумен біздің облысымызда Құрманғазы ауданындағы «Сүйіндік», «Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Құрманғазы», «Мақаш» өндірістік кооперативтері, Исатайдағы «Бекет» және Жылыойдағы «Достан Ата» шаруа қожалықтары шұғылданады. Бұларда бағылатын мал түрі негізінен «қазақтың ақ қарабас қойы» деп аталады.
Болашақта еділбай қойларының тұқымын асылдандыру жұмысын жүйелі түрде жалғастырып, жетілдіре түсу үшін бірінші кезекте аталған түліктің етті, майлы түрлерінің өнімділігін молайтуға, сол үшін де оның генетикалық әлеуетін арттыруға көңіл бөлген дұрыс.

Толығырақ ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫ ЕЛДІҢ БРЕНДІ БОЛСА…

МҰНАЙЛЫ ШАҺАРДЫҢ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

654Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстың мәдениет күндерін Атырау қаласының өнерпаздары «Өнерімен танылған өркенді ел – Атырауым» атты есептік концертімен қорытындылады. Қазақтың дәстүрі мен өнерін берік сақтаған Атырау қаласының жетістіктері осы шара аясында жан-жақты көрінді. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған ресми топ арнайы келіп, көрмелер мен концерттік бағдарламаны тамашалады.

Толығырақ МҰНАЙЛЫ ШАҺАРДЫҢ ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

«ТЕҢІЗ ҒАЛАМАТЫ» ТҰСАУЫН КЕСТІ

Жуырда Алматының «Жібек жолы» баспасынан «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен белгілі журналист-ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қаржау Оразбаевтың «Теңіз ғаламаты» атты деректі-публицистикалық кітабы жарық көрді.

Автор бес бөлімнен, онжеті тараудан тұратын еңбегінде Теңіздей алыптың қаз тұрған қадамынан бастап, әлемдік деңгейге көтерілген қазіргі кемел шағына дейін терең толғап, бедерлі бейнелейді. Соңғы бөлімді «Теңіздастан» жыр-толғауы тұтас қамтып тұр. Бұл – ТШО компаниясының жиырма жылдығы мерейтойы қарсаңындағы әдеби өмірде болған елеулі оқиға десе болады.

Толығырақ «ТЕҢІЗ ҒАЛАМАТЫ» ТҰСАУЫН КЕСТІ

ӘЛЕМ АНАЛАРМЕН БАҚЫТТЫ!

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерейлі мереке иелерінің бір тобы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің салтанатты қабылдауында болды. Қабылдауға қатысушылардың қатарында аймақтың әлеуметтік -экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының, өңір халқының әлеуетінің өсіп- өркендеуіне өлшеусіз үлестерін қосқан алдыңғы толқын өкілдері мен бүгінде әр салада еселі еңбек етіп, бизнесте абыройлы да адал қызметімен, елеулі табыстарымен елінің құрметіне бөленіп жүрген қыз-келіншектер болды.

Толығырақ ӘЛЕМ АНАЛАРМЕН БАҚЫТТЫ!
Top