Бала туу және бала күтіміне арналған жәрдемақы өсті

Бала туу және бала күтіміне арналған жәрдемақы өсті

Қазақстанда бала туу және 1 жасқа дейін баланы күту үшін берілетін жәрдемақы көлемі өсті.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Сонымен, биыл бала туғанда берілетін бірыңғай жәрдемақы алатындар 332 мыңнан астам адамды құраған. Бірінші, екінші және үшінші балаға 91 390 теңге (2017 жылы – 86 221 теңге), ал төртінші және одан көп балаға 151 515 теңге (2017 жылы 142 947 теңге) болып бекітілген.

Сонымен қатар, 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі де өсті. Бірінші балаға – 13 853 теңге (2017 жылы – 13 070 теңге), екінші балаға – 16 379 теңге (2017 жылы – 15 452 теңге), үшінші балаға – 18 880 теңге (2017 жылы – 17 812 теңге), төртінші және одан көп балаға – 21 405 теңге (2017 жылы – 20 195 теңге) төленетіні айқындалды.

Айқара Ғұмар

Leave a Comment