Баспананы жалға алу құны өсті

Өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда қаңтарда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,5%-ға жоғары болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.

2019 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,5%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,5%-ға жоғары болды. Жаңа үйлерді сату бағасы бір жылда 3,2%-ға, тұрғын үйлерді жалға алу бағасы бір жылда 7,3%-ға артты.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top