Қалдық төккені үшін айыппұл салынды

Индер ауданында белгіленбеген аумаққа қалдық төккен тұрғынға айыппұл салынды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, заң бұзған 1989 жылы туған азамат болып шықты. Бүгінде көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы орайда, қоқыс ГАЗ маркалы автокөлікке қайта тиеліп, полигонға жеткізілді.

Ал айыпты жігіт енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы бойынша айыппұл төлеуі тиіс.

Айдос Қарабала

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top