Биыл елімізде 89 млн. тонна мұнай өндіріледі

Биыл елімізде 89 миллион тонна мұнай өндірілетіні жоспарланған. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«2018 жылы отын-энергетика кешенінің әр саласы бойынша көрсеткіштер толық орындалып, рекордтық нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Мұнай өндіру саласы еліміздің тарихында болмаған 90 миллион 360 мың тонна көлеміне жетті. Бұл 2017 жылға қарағанда 4,8 пайызға артық» деді салалық ведомства басшысы.

Бұл ретте оның дерегінше, мұндай жоғары көрсеткішке Қашағаннан 13,2 млн. тонна, Теңізден 28,6 млн. тонна және Қарашығанақтан 2,2 млн. тонна мұнай өндірудің арқасында қол жеткізіліп отыр.

Айқара Ғұмар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top