Биыл жылу энергиясының тарифі төмендеген

Атырауда жылу энергиясының тарифі қаншалықты азайды? Биылғы қысқы маусымда қала тұрғындарын осы сауал әжептәуір алаңдатқаны рас.

Сонымен, «Атырау Жылу электр орталығы» АҚ-ның ресми мәлімдемесіне зер салайық.

Биылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өндірістегі қызметті реттеу және жылу энергиясымен жабдықтаудағы тарифтің шекті мөлшері төмендеген. Яғни, 1 Гкалдың құны 6367,41 теңгеден 6106,35 теңгеге азайыпты.

Соның ішінде, жеке тұлғалар үшін 1 Гкалға 4449,41 теңгеден 4204,69 теңгеге (ҚҚС қоспағанда), ал өзге тұтынушылар үшін 11320,50 теңгеден 10741,09 теңгеге түсіп отыр.

 

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top