Былтыр жалпы өңірлік өнім 4,9 трлн. теңгеге жеткен

Былтырғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 4,9 трлн. теңгені құраған. Нақты көлем индексі 112,2 пайызға жетіп отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,5 трлн. теңгеге жеткен. Ал, инвестиция 3 трлн. 600 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 136 пайызға өсіпті.

«Бюджет түсімі – 1,3 триллион теңге. Ұлттық қорға 1 триллион 444 миллиард теңге аударылды. Жалпы, 2018 жылы бюджет толықтай игерілді» дейді Айгүл Әжіғалиева.

Бүгінде Атырауда шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс істейтіндердің қатары көбейген. Бұл салада 131 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top