Атырауда көпбалалы аналарды жаңа кәсіпке даярлайды

Көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға арналған шара бірінші кезекте 200 адамды қамтиды, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда «Жайық» спорт кешенінде облыс әкімінің есеп беру кездесуі жалғасуда. Нұрлан Ноғаев екі мың адамның алдында «Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы» баяндама жасап, биылғы жоспарларды атап өтті. Нұрлан … Read moreАтырауда көпбалалы аналарды жаңа кәсіпке даярлайды

Атырауда дәрігер көбейген

Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болуы тиіс. Мемлекет басшысының алға қойған осынау тапсырмасына сәйкес, бүгінде облыс халқына 37 денсаулық сақтау ұйымы қызмет көрсетуде. Маман тапшылығын шешуде биыл өткен жылдармен салыстырғанда дәрігерлер саны 4,3 пайызға өсті. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Атырау қаласының Қара депо, Көкарна, Ақсай, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон, Қызылқоға ауданының … Read moreАтырауда дәрігер көбейген

Майкөмген, Ақкөл, Ақжайық ауылдарына спортзал салынады

Биыл Махамбет ауданының Ақжайық ауылында спорт залы салынады.  Бұл туралы аймақ тұрғындарының алдында есеп беріп жатқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. “Сондай ақ, Жылыой ауданының Майкөмген ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында спорттық ангардың, Атырау қаласынан үш спорттық залдың құрылысы жүргізілуде. Және биыл Махамбет ауылынан 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады” деп атап … Read moreМайкөмген, Ақкөл, Ақжайық ауылдарына спортзал салынады

32 ескерткішке қоршау орнатылды

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы бойынша Атырауда 32 ескерткішке қорғау тақталары орнатылды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырауда демеушілердің қолдауымен қоғам қайраткері Мақат Бекмұхамбетов ашқан мектеп ғимаратын, Құрманғазы Сағырбайұлының киіз үйі ескерткішін реставрациялау жұмысы жүзеге асқанын атап өтті. Еске сала кетелік, Атырау облысы әкімдігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен көне Сарайшық қаласын сақтап қалу, … Read more32 ескерткішке қоршау орнатылды

11 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындары алдында есептік кездесуде айтты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. – Облыста 2017-2021 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөнінде өңірлік бағдарлама қабылданды. Бүгінде облыстағы қоқыс полигондарында 2,3 млн тонна әр түрлі қалдықтар сақталуда. Өткен жылдың өзінде 112 мың тонна ҚТҚ жиналды. Қоқыс жинайтын жаңа … Read more11 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда

Ауыл кәсіпкерлеріне 1 657 млн. теңге бөлінді

Өңірде ауыл бизнесін дамыту мемлекеттік бағдарламасының нәтижесінде жаңадан 64 жұмыс орны құрылмақ. Бұл турал өңір басшысының есепті жиынында белгілі болды. Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жылдық мөлшерлемесі 7 пайызбен жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп келеді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, … Read moreАуыл кәсіпкерлеріне 1 657 млн. теңге бөлінді

Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Осыған дейін Атырау облыстық тексеру комиссиясының аппарат басшысы болып қызмет еткен Жұмабек Байрақбайұлы Қаражанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін қала әкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы аппараттық жиын кезінде жаңа орынбасарын таныстырды. Ж.Қаражанов – жоғары білімді, Қазақстан-Британ техникалық университетін және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» бакалавры, … Read moreАтырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Атыраулық алты баланың әкесі: «Былтыр баспаналы болдық»

Атыраулық Дастан мен Айнұр Жұмахметовтер отбасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында тұратын жас отбасының тұңғышы 2006 жылы дүниеге келген. 4 қыз, 2 баланың әкесі Тайсойған ауылындағы мектепте музыка пәнінен сабақ береді. Ал анасы – күміс алқа иегері. Қазір дәрігерлік амбулаторияда акушер болып жұмыс істейді. «Табысымыз орташа. 4 бөлмелі баспанамыз бар. Жағдайымыз жақсы. … Read moreАтыраулық алты баланың әкесі: «Былтыр баспаналы болдық»

Былтыр жалпы өңірлік өнім 4,9 трлн. теңгеге жеткен

Былтырғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 4,9 трлн. теңгені құраған. Нақты көлем индексі 112,2 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева мәлімдеді. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,5 трлн. теңгеге жеткен. Ал, инвестиция 3 трлн. 600 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 136 … Read moreБылтыр жалпы өңірлік өнім 4,9 трлн. теңгеге жеткен

774 бейнекамера орнатылады

«Ақылды қала» бағытында қала аумағында барлығы 759 бейнебақылау камерасы жұмыс жасайды. «Көлік және логистика саласын цифрландыру мақсатында Атырау қаласының аумағында 51 көше қиылысына және 153 тіке жолдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде суретке түсіру және бейне жазбаға жазу ақпараттық кешенімен қосымша 774 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі таңда конкурстық процедуралар өтуде» деп атап өтті қала … Read more774 бейнекамера орнатылады