«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметі. Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары  және egov.kz  сайты арқылы онлайн тапсыра аласыз. Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізіледі. Жалпы конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Осы … Read more«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Білім саласының басшылары тікелей желіге шығады

Бүгін, яғни 18 ақпан күні сағат 17.00-де әлеуметтік желі қолданушылары білім саласына қатысты сауалдарын тікелей басшыларға қоя алады. Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Исанбергенова Ақкенже Аяпбергенқызы және Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Шангереева Фаруза Ғарифоллақызы маңызды сала жаңалықтары туралы есеп беретін болады. Тікелей эфирді мына жерден қарай аласыздар: Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau Instagram … Read moreБілім саласының басшылары тікелей желіге шығады

Атырауда салауатты өмір салтын насихаттаған қалалық семинар өтті (ФОТО)

Атырауда «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбында әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. А.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінде болған шара «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оған қаладағы 27 мектептен 30-дан астам мұғалім қатысты. Қалалық семинар өзгеше форматта өткізілді. Алдымен дұрыс тамақтану бағытында тренинг ұйымдастырылды. Мұнда қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылып, оны күнделікті өмірде … Read moreАтырауда салауатты өмір салтын насихаттаған қалалық семинар өтті (ФОТО)

Грантпен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

Енді грантпен оқыған жоғары оқу орнының барша түлектері ауылда жұмыс істеуге міндеттелуі бек мүмкін. Осы орайда, Мәжіліс депутаты Роман Ким ауылға жұмысқа жіберілетін мамандардың тізімін кеңейтуді ұсынды. «Бүгінде ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығындағы жас мамандардың, мұғалімдердің, дәрігерлер мен мәдениет қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Депутаттардың өңірлерге сапары кезінде агробизнес пен жергілікті қоғамдастық өкілдері ауылға жоғары оқу орындарының түлектерін … Read moreГрантпен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

Атырауда «Дарын» білімділер сайысы басталды

Атырауда «Дарын» білімділер сайысы басталды. Оған қатысуға өңірден 730 оқушы өтініш берген. Білім додасының басты мақсаты – жан-жақты әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған оқушыларды көпшілікке таныстыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, «Жастар жылы» аясында білім алуды насихаттау. Жоба облыстық Білім беру басқармасы, қалалық Білім бөлімі, Х.Досмұхамедов … Read moreАтырауда «Дарын» білімділер сайысы басталды

Атырауда оқушыларды тегін оқытатын орталық ашылды

Атырауда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды тегін оқытатын оқу орталығы ашылды. «ASUmit  education»  оқу орталығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Мадина Мұратқызының бастамасымен ашылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы қоғамның мәселелерін шешуде азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, еріктілердің күшін біріктіруге бағытталған. Осыған орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері … Read moreАтырауда оқушыларды тегін оқытатын орталық ашылды

Мұғалімдерге үстемақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Бүгінде мұғалімдерге үстемақы төлеудің қаржы-экономикалық есебі дайындалып жатыр. «2019 жылдың маусымында қабылдануы жоспарланып отырған «Педагогтер мәртебесі туралы» заң жобасында қосымша ынталандырушы үстемақы, сонымен қатар педагог кәсібінің беделін және оның қоғамдағы мәртебесін көтеру бойынша өзге де шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта қосымша ынталандыру үстемақы бойынша қаржылық-экономикалық есеп пен негіздеме дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол республикалық бюджеттік … Read moreМұғалімдерге үстемақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Мұғалім мәртебесіне арналған жиын өтті

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиевамен Атырау облысының педагог кадрларының кездесуі өтті. Ұстаздардың өміріндегі елеулі жаңалық болып табылатын Заң жобасын талқылау жөніндегі жиынды Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ашты: – Мұғалім – қоғамдағы ең басты тұлға. Президенттен бастап, қарапайым адамға дейін … Read moreМұғалім мәртебесіне арналған жиын өтті

Биыл 141 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшіріледі

Биыл 141 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы баспасөз конференциясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова мәлімдеді. Елбасының Жолдауында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша белгілі KPI енгізілген болатын. Осы орайда, 2020 жылға қарай электронды форматқа мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын көшіру жоспарланған. Ал, былтыр әкімдіктермен бірге 700 мың адам сандық сауаттылық білімін арттырыпты. Д.Щеглованың … Read moreБиыл 141 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшіріледі

Рубик текшесін құрудан чемпионат өтті

Атырауда 12-13 қаңтар күндері алғаш рет Рубик текшесін жылдамдыққа құрудан аймақтық чемпионат өтті. Оған 60-тан астам қатысушы бағын сынауға ниет білдірген. «Рубик бірлігін уақытқа құрудан Семей, Алматы, Шымкент қаласынан және Ақтөбе облысынан дарынды жастар жиналды. Сондай-ақ, сайыстың әділ өтуін бақылауға Украинадан тәуелсіз сарапшылар шақырылған» деп хабарлайды Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұлов. Екі … Read moreРубик текшесін құрудан чемпионат өтті