Атырауда көпбалалы аналарды жаңа кәсіпке даярлайды

Көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға арналған шара бірінші кезекте 200 адамды қамтиды, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда «Жайық» спорт кешенінде облыс әкімінің есеп беру кездесуі жалғасуда. Нұрлан Ноғаев екі мың адамның алдында «Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы» баяндама жасап, биылғы жоспарларды атап өтті. Нұрлан … Read moreАтырауда көпбалалы аналарды жаңа кәсіпке даярлайды

«Алтын алқа» иегері: қазір ауылда өмір сүру жеңілдеді

Көп балалы отбасы – береке-бірліктің ұясы. Міне, осындай отбасының бірі – қаракөлдік Айсағали Молдағали мен Айнаш Сүлейменнің жанұясы. Отбасында жеті баланы өмірге әкеліп, өсірген Айнаш Сүлеймен 2015 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» белгісін иеленді. Қызылқоға ауданынан Миялыға дейін 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл ауылдық округінде тұратын Айсағали мен Айнаш 1969 жылы дүниеге келіп, бір … Read more«Алтын алқа» иегері: қазір ауылда өмір сүру жеңілдеді

Электронды билет сатып алып, шетелге саяхаттаңыз

Электронды билет жүйесін сатып алу арқылы ұтысқа қатыса аласыз. Бұл туралы «SMART–ЖКХ» ЖШС-нің директоры Сержан Зиябекұлы мәлімдеді. «Бұл ұтыстың мақсаты – халықты электронды жүйеге көшіру. Әр картаның артында көрсетілген нөмір бойынша ұтыс иегерлерін анықтаймыз.  Ұтыстың ішінде шетелге саяхат және тұрмыстық техникалар кіреді. 10 наурыз күні арнайы мерекелік концерт өткізіп, кештің басты қонағы ретінде Алтынай Жорабаева … Read moreЭлектронды билет сатып алып, шетелге саяхаттаңыз

Мүгедек балаларды әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі?

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 41 578 теңге. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: I топ – 57 021 теңге. II топ – 47 220 теңге. III топ – 35 638 теңге. Егер балаңыз үйде білім алатын болса, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қаражат төленеді. … Read moreМүгедек балаларды әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі?

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау: талап, тәртібі қалай?

Бүгінде аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың екі түрі бекітілген. Біріншісі, шартсыз ақшалай көмек. Ол жанұя құрамында еңбекке жарамды адам болмағанда беріледі. Мәселен, зейнеткер немесе мүгедектерге. Сондай-ақ, отбасының еңбекке жарамды бір мүшесі бола тұра, ол белгілі себептерге байланысты жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылса тағайындалады. Яғни, мектеп жасына жетпеген балалары бар жалғызбасты анаға, т.б. Екіншісі, шартты ақшалай көмек. … Read moreАз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау: талап, тәртібі қалай?

Балаға қанша жәрдемақы төленеді?

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыстағы және жұмыссыз әйелдерге төленеді. Атап айтсақ, үй күтіміндегі аналар баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алады. Яғни, алғашқы үш балаға 95 950 теңге алса, 4 және одан да көп балаға 159 075 теңге беріледі. Ал бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының көлемі … Read moreБалаға қанша жәрдемақы төленеді?

Атыраулық алты баланың әкесі: «Былтыр баспаналы болдық»

Атыраулық Дастан мен Айнұр Жұмахметовтер отбасы алты баланы тәрбиелеп отыр. Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында тұратын жас отбасының тұңғышы 2006 жылы дүниеге келген. 4 қыз, 2 баланың әкесі Тайсойған ауылындағы мектепте музыка пәнінен сабақ береді. Ал анасы – күміс алқа иегері. Қазір дәрігерлік амбулаторияда акушер болып жұмыс істейді. «Табысымыз орташа. 4 бөлмелі баспанамыз бар. Жағдайымыз жақсы. … Read moreАтыраулық алты баланың әкесі: «Былтыр баспаналы болдық»

Көпке үлгілі көпбалалы Теміровтер отбасы

Көпбалалы Теміровтер отбасы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылында тұрады. Олар «Бір қозы өмірге келсе, бір түп жусан артық өседі» дегендей, әр баланың өз ризығы, өз несібесі бар дегенге сенеді. Ауыл-аймаққа өнегелі жанұя атанған Ерлан Теміров пен Жанна Турчеева бүгінде 8 баланы тәрбиелеп-өсіріп отыр. Олардың алтауы – қыз, екеуі – ұл. Балаларын бақыты санайтын отбасы … Read moreКөпке үлгілі көпбалалы Теміровтер отбасы

Грантпен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

Енді грантпен оқыған жоғары оқу орнының барша түлектері ауылда жұмыс істеуге міндеттелуі бек мүмкін. Осы орайда, Мәжіліс депутаты Роман Ким ауылға жұмысқа жіберілетін мамандардың тізімін кеңейтуді ұсынды. «Бүгінде ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығындағы жас мамандардың, мұғалімдердің, дәрігерлер мен мәдениет қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Депутаттардың өңірлерге сапары кезінде агробизнес пен жергілікті қоғамдастық өкілдері ауылға жоғары оқу орындарының түлектерін … Read moreГрантпен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

«7-20-25» бағдарламасымен үй алу жеңілдейді

Елбасының бес әлеуметтік тапсырмасы аясында «7-20-25» бағдарламасы қолға алынғаны баршаға белгілі. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген нақты тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «7-20-25» бағдарламасы бойынша Атырау тұрғындарынан 256 өтініш қабылданып, соның 150-інің мәселесі шешілді. Қазір оларға (133 өтініш берушіге) 1 млрд. 756 млн. теңге көлемінде несие беріліп отыр. Облыс аумағында екінші деңгейлі банктің 21 филиалы … Read more«7-20-25» бағдарламасымен үй алу жеңілдейді