«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

Жуырда «Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. «National Geographic, BBC World news, Discovery, Viasat History жетекші әлемдік арналармен бірлесіп, әлемдегі тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату үшін Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдер циклі шығарылған болатын. Атап айтқанда, «Күлтегін. Жаңа көзқарас», «Қожа … Read more«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

Халел Досмұхамедұлы туралы кітап шықты

«Халқымен етене Халел хакім» деген атпен жуырда ғана публицистикалық баян жарық көрді. Төлиесі – белгілі жазушы-өлкетанушы, Қазақстанның құрметті журналисі, еліміздің Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Төлеген Жаңабайұлы. Жаңа туындыда ұлтымыздың ұлы тұлғасы, Алашорда қозғалысының батыс бөлімшесіндегі екі қолбасшының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей ғалым, профессор Халел Досмұхамедов туралы … Read moreХалел Досмұхамедұлы туралы кітап шықты

Ш.Сариев атындағы өнер музейінде ретро-көрме ашылды

Атыраудағы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ретро-көрме ашылды. Көрмеге 28 туынды қойылған. Мақсаты – музей қорындағы кескіндемелік туындыларды кеңінен таныстыру, суретшілер шығармашылығын насихаттау. Оған Ж.Шәрденов, М.Кенбаев, Г.Исмаилова, С.Мәмбеев, Ә.Сыдыханов сынды Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшілерінің кескіндемелік жұмыстары қойылған. Олардың шығармашылықтары еліміздің бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Сонымен қатар, көрермендер Н.Наседкин, И.Стадничук, … Read moreШ.Сариев атындағы өнер музейінде ретро-көрме ашылды

«Ұлтқа – мұра, ұрпаққа – рух!» экспедициясы Индер ауданында болды

Елбасы Жолдауында рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, оны жаңа мазмұн, тың бағыттармен толықтыру қажеттігін ерекше ескерткен болатын. Осы іске үн қоса отырып, жақында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен және «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің ұйытқы болуымен «Ұлтқа – мұра, ұрпаққа – рух!» атты тарихи-танымдық экспедициясы жолға шықты. Экспедиция бұл сапарда өңірдегі тарихқа танымал тұлғалар, батырлар, ақын-жыраулар, би-шешендер өміріне … Read more«Ұлтқа – мұра, ұрпаққа – рух!» экспедициясы Индер ауданында болды

Қойшығұл Жылқышиевтың шығармашылық кеші өтті

«Таланттылардың тұстасы, талаптылардың ұстазы» атауымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет және Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың лауреаты Қойшығұл Жылқышиевтың 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш болып өтті. Батырлар рухының жоқтаушысы, көкірегі өршіл рухқа толы ақынның мерейлі кеші театрланған көрініспен басталып, қойылым барысында кәсіби актерлер сыршыл ақынның сырбаз өлеңдерін жарыса оқыды. Жыр … Read moreҚойшығұл Жылқышиевтың шығармашылық кеші өтті

Халықаралық айтыстың жеңімпазы анықталды

Атырауда халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған өнер додасы Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналды. Ұлттық өнерді насихаттауға Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен және еліміздің әр өңірінен келген 20 ақын қатысқан болатын. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасы «Байтақтан озып, бәйге алған» деп аталды. Кіл жүйріктен кім жүйрікті анықтауға Асанәлі Әшімов, Мереке Құлкенов, … Read moreХалықаралық айтыстың жеңімпазы анықталды

Халықаралық экспедиция жолға шықты

Атырауда «Өз көзіммен» атты халықаралық экспедиция жолға шықты. Экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – ішкі және сыртқы туризмді дамыту, өңірдегі тарихи орындар мен қасиетті жерлерді Каспий маңы елдеріне кеңінен насихаттау. Экспедиция мүшелері қатысқан баспасөз конференциясында белгілі болғандай, топ құрамында Қазақстан (Асланбек Шығыров), Ресей (Александр Смирнов), … Read moreХалықаралық экспедиция жолға шықты

Халықаралық күй фестивалі басталды

Атырауда басталған күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестиваліне қатысушы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және Қазақстанның әр түкпірінен келген домбырашылар алдымен облыс орталығындағы күйшінің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Атырау аймағында осыдан 60 жыл бұрын 500 адамнан құралған өнерпаздардың ұлт-аспаптар оркестрі күй төкті. Сол кезде Бүкілодақтық фестивальға дайындалған біріккен оркестрді ұйымдастыруда есімдері аңызға … Read moreХалықаралық күй фестивалі басталды

«Рухани келісім» күні аталып өтті

18 қазан –«Рухани келісім күніне» орай Атырауда салтанатты шара өтті.  Онда қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды. Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин, «Былина» орыс этномәдени ұйымының төрағасы Андрей Короблев және өзге де сала мамандары бар. Марапат иелерін құттықтаған аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған … Read more«Рухани келісім» күні аталып өтті

Тарихи жәдігерлер қатары толықты

Облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа жәдігерлермен толықты. Ғылыми қорға тарихи құндылықтарды қабылдау сараптамалық комиссиясының кезекті отырысында «Мен сыйға тартқан жәдігер» акциясында, «Отбасымен музейге» фестивалінде тұрғындардың сыйға тартқан дүниелері сарапқа салынды. Нәтижесінде музей сөрелерінен Мемлекет және қоғам қайраткері С.Мұқашевтің жеке қорында жинақталған түрлі төсбелгілер жиынтығы, 1911 жылы Қазан баспасынан шыққан араб жазуымен жазылған діни кітапша орын алды. … Read moreТарихи жәдігерлер қатары толықты