IWAS 2019 ойындары: Атыраулық теннисшілер 8 медаль еншіледі

Атыраулық спортшылар бүкіләлемдік IWAS 2019 ойындарынан 8 медаль еншіледі. Бұл туралы Атырау облыстық спорт басқармасы хабарлады. 12-16 ақпан күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Шардже қаласында бүкіләлемдік IWAS 2019 ойындары өтті. Иманалиева Гүлнар бастаған үстел теннисінен Атырау облысының төрт спортшысы сынға түсіп, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Жұптық сайыста Махулбеков Али алматылық Курпетаевпен … Read moreIWAS 2019 ойындары: Атыраулық теннисшілер 8 медаль еншіледі

Олжас Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды

13-16 ақпан күндері Алматы қаласында ММА-дан тұңғыш рет біріккен Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Қаңтар айында облыстық іріктеуден өтіп, үздік атанған спортшылар ел чемпионатына аттанған болатын. Нәтижесінде, Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. 61,2 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Олжас … Read moreОлжас Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды

Ержан Сәлімгереев: «Бұл сәт менің мәңгі есімде сақталады»

Атыраудың ғана емес, еліміздің мақтанышы, түрлі додаларда  бақ сынап жүрген атыраулық Ержан Сәлімгерееев – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Жақында ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткен азаматтармен кездескен болатын. Осы орайда, Ержанның Елбасымен жүздескеннен кейінгі әсерімен бөлісуді жөн санадық. 29 жастағы Ержан – суда жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Әлем … Read moreЕржан Сәлімгереев: «Бұл сәт менің мәңгі есімде сақталады»

«Балаларға үй қажет» атты қайырымдылық турнирі өтеді

Атырауда «Балаларға үй қажет» атты қайырымдылық турнирі өтеді. 17 ақпан күні «Мұнайшы» спорт кешенінде «Балаларға үй қажет» атты футзалдан қайырымдылық турнирі өтеді. «Жарнадан жиналған қаржы жартылай жетім бес баланың үйлі болуы үшін жер телімін алуға жұмсалмақ. Компаниялар мен футбол жанкүйерлерін турнирге қатысуға шақырамыз» делінген Атырау облыстық спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.   Хорлан Смадияр

І турда «Атырау» Қызылордаға барады

Қостанайда Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымының күнтізбесі құрылды. Арнайы жеребе тарту рәсімі арқылы командалар өздерінің алғашқы қарсыластарының кім екенін білді. Команда өкілдері мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мамандары қатысқан жиында клубтар үш топқа бөлінді. Алғашқы топқа «Астана», екінші топқа «Қайрат», Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар» мен «Жетісу» командалары енді. Ал үшінші топқа – «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес» … Read moreІ турда «Атырау» Қызылордаға барады

Атырауда алғаш рет өткен қысқы марафонға 500-ге жуық адам қатысты (ФОТО)

Атырауда алғаш рет өткен қысқы марафонға 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. 4,5 шақырым болатын марафонға Оралдан арнайы келген қонақтар да бар. Бұл жарыста қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. Салауатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдырған барлық атыраулық марафоннан табылды. Ерлер арасында мәре сызығына алғашқы болып жеткен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті … Read moreАтырауда алғаш рет өткен қысқы марафонға 500-ге жуық адам қатысты (ФОТО)

Халық жазушысы халықаралық турнирдің ең үздік ойыншысы атанды

83 жасар халық жазушысы Халықаралық турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. 8-10 ақпан күндері Атырау қаласында Д.Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті. Үш күн бойы Өзбекстанның Ташкент қаласының, еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы, Шымкент, Ақтау, Астана және Атырау қаласының спортшылар қатысты. Жарыс жеңімпазын Алматы қаласының «Казнау Буревестник» құрама командасы … Read moreХалық жазушысы халықаралық турнирдің ең үздік ойыншысы атанды

«Бейбарыс» – бірінші орында

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы екінші турда «Алматы» клубын 6-0 есебімен жеңіп, бірінші орынға шықты. Жарыс әлі де жалғасады. Келесі ойындар 10–11 ақпан күндері өтеді. Енді «Бейбарыс» командасы теміртаулықтармен күш сынасады. 52 ойыннан кейін «Бейбарыс» 93 шайба жіберсе, қарсыластар қақпасына 141 гол соқты. Хорлан Смадияр

Атырауда шаңғы жарысы өтті

Атырау облысының Индер ауданында облыстық деңгейдегі шаңғы жарысы өтті. Оған өңірден жеті команда қатысты. Олар: Атырау политехникалық колледжі, Атырау қаласы, Исатай ауданы, Индер ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Көктем және М.Әуезов атындағы орта мектеп командалары, сондай-ақ Индер аудандық колледжінің командасы. Жарыс мұз үстінде өткендіктен, оқыс оқиғаларды болдырмас үшін Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы Индер … Read moreАтырауда шаңғы жарысы өтті

Бразилиялық джиу-джитсу шебері шеберлік сағатын өткізді

6 ақпан күні «Мұнайшы» спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан қара белдік иегері, Qazaqstan Top Team академиясының бас бапкері, Америка елінен келген арнайы маман Адам Фокстың шеберлік сағаты өтті. Спортта 20 жылдан астам тәжірбиесі бар Адам Фокс белдіктер бойынша әлемде көптеген семинар өткізіп келеді. Бұл жолы Атырау спортшылары маман кеңесін алып, аттестациядан сәтті өтті.  Жалпы семинарға 30-дан астам … Read moreБразилиялық джиу-джитсу шебері шеберлік сағатын өткізді