Атырауда дәрігер көбейген

Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болуы тиіс. Мемлекет басшысының алға қойған осынау тапсырмасына сәйкес, бүгінде облыс халқына 37 денсаулық сақтау ұйымы қызмет көрсетуде. Маман тапшылығын шешуде биыл өткен жылдармен салыстырғанда дәрігерлер саны 4,3 пайызға өсті. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Атырау қаласының Қара депо, Көкарна, Ақсай, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон, Қызылқоға ауданының … Read moreАтырауда дәрігер көбейген

Өткен жылы тұмаумен ауырғандардың саны артқан

Өткен жылы тұмаумен ауырғандар саны артқан. Бұл туралы ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады. «2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қызылшамен (2 және 576 оқиға тиісінше) ауырғандар санының өскені байқалды. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2018 жылы 3100 оқиғаны (2017 жылы – 2856 тасымалдаушы) құрады, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 28 АИТВ … Read moreӨткен жылы тұмаумен ауырғандардың саны артқан

Атыраулықтар бір жылда үш мың литр қан тапсырды

Атыраулықтар бір жылда үш мың литр қан тапсырды «Өткен жылы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында Қан орталығында «Инфо-донор» жобасы іске асырылды. Бағдарлама донорлардың бағдарын олардың куәлігіне қарай автоматты түрде анықтап, реттеп отырады, яғни тіркеу бөлімінен алдын ала сараптама зертханасына, сосын терапевтің қабылдауынан қан тапсыру бөлмесіне жібереді. Донор барлық бөлімдерге тіркелген соң ол … Read moreАтыраулықтар бір жылда үш мың литр қан тапсырды

Дәріханаларда адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылуда

Қазақстанның дәріханаларында адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылуда. Бұл жайында «Эреспал» препаратын өндірушілер хабарлаған. «Астана» арнасының мәлімдеуінше, аталған дәріні астма және тыныс алу жолдары дертіне шалдыққан науқастар пайдаланады. Зерттеулер көрсеткендей, «Эреспал» жүрек қызметінің жұмысына зиян келтіріп, тіпті тоқтатып тастауы да әбден мүмкін. Франция мемлекеті бұл препаратты дәріханаларынан жаппай тәркілеп жатыр. Процесс Ресей елінде де … Read moreДәріханаларда адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылуда

Теңізде 25 адам уланып, ауруханаға жеткізілген

Теңіз вахталық поселкесіндегі «ЮлмарСервиз» ЖШС-ның жұмысшылары кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезінген. Астан улану белгілері болғандықтан олардың бәрі Құлсарыдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, дәрігердің қарауынан кейін 21 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберіліп, 4 адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі уақытта бәрінің жағдайы қалыпты. Жылыой аудандық ауруханасының бас дәрігері Зылиха Құлғазиеваның сөзіне сенсек, қазіргі уақытта жұмысшылардың … Read moreТеңізде 25 адам уланып, ауруханаға жеткізілген

Биыл Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд. теңге жарна түсті

Биыл Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,52 млрд. теңгені құрады. Оның 131,86 млрд. теңгесі (шамамен 93,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,66 млрд. теңге (6,2% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек … Read moreБиыл Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд. теңге жарна түсті

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – тікелей эфирде

Ертең, яғни, 9 ақпан күні сағат 17:00-де Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева тікелей эфир арқылы халыққа есеп береді. Тұрғындар Денсаулық сақтау басқармасының өткен жылы атқарған жұмысы мен осы жылға арнап бекіткен нақты жоспары туралы толық мәліметті алатын мүмкіндікке ие. Сонымен қатар, халық өздерін толғандыратын басқа да сұрақтар қоя алады. Ол үшін тікелей эфирге қосылып, … Read moreДенсаулық сақтау басқармасының басшысы – тікелей эфирде

Пациенттің қауіпсіздігі ескерілетін болды

Қазақстанда дәрігерлер екпе жасағанда пациенттің аллергиялық реакциясын ескеруі керек. Яғни, пациентке екпе егу не дәрі беру кезінде медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді. «Аталмыш құжат халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді» делінген хабарламада. Мұнда препараттарды тағайындаудан бастап, реанимациядағы жағдайларда қолдануға мүмкін … Read moreПациенттің қауіпсіздігі ескерілетін болды

ТШО ауруханаға жаңа реанимобиль сыйлады

Жыл сайын Жылыой ауданында денсаулық саласы қызметінің сапасын көтеруге қадамдар жасалып отыр. Елді мекендерде денсаулық нысандар салынып, медициналық мекемелерге жаңа құрал-жабдықтар сатып алынуда. Былтыр ауданда екінің-бірінің қолы жете бермейтін компьютерлік томография әкелінді. Бұл, әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандар, жол апатына ұшырағандардың диагнозын уақыт шығындамай анықтау үшін қажетті теңдесі жоқ құрылғы. Ал Құлсарыда ашылған Гемодиализ орталығы … Read moreТШО ауруханаға жаңа реанимобиль сыйлады

Әлемдегі алғашқы жасанды жүрек имплантациясы Қазақстанда жасалды

Әлемдегі алғаш рет жасалған жасанды жүрек имплантациясы Астанада жасалды. Болашақта осындай операциялар қазақстандықтарға тегін жасалатын болады. Юрий Пяның басшылығымен қазақстандық кардиохирургтер командасы Чехиядан, Израильден, Италиядан және АҚШ-тан келген әріптестермен қосалқы қанайналым құрылғысын импланттау бойынша бірегей операцияны табысты жүргізді. Толығымен имплантталған құрылғы (FIVAD) әлемдегі бірінші қосалқы құрылғы болып табылады, ол пациенттерге сыртқы қоректендіру көзіне тікелей қоспай … Read moreӘлемдегі алғашқы жасанды жүрек имплантациясы Қазақстанда жасалды