Дәріханаларда адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылуда

Қазақстанның дәріханаларында адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылуда. Бұл жайында «Эреспал» препаратын өндірушілер хабарлаған.
«Астана» арнасының мәлімдеуінше, аталған дәріні астма және тыныс алу жолдары дертіне шалдыққан науқастар пайдаланады. Зерттеулер көрсеткендей, «Эреспал» жүрек қызметінің жұмысына зиян келтіріп, тіпті тоқтатып тастауы да әбден мүмкін.

Франция мемлекеті бұл препаратты дәріханаларынан жаппай тәркілеп жатыр. Процесс Ресей елінде де басталған. Ал, Қазақстанда қауіпті дәрі әлі күнге дейін сатылуда. Дәрі-дәрмектердің мемлекеттік реестрінде “Эреспал” препараты “қайта тіркеу” мәртебесіне ие. Демек, тәртіп бойынша оны сатуға болмайды. Дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығы бұл жайттың дәріге қатысты жаңа зерттеулерге байланысты емес екенін атап өтті.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, «Эреспалмен» бірге Қазақстанның дәрі нарығынан құрамында фенспирид заты бар басқа да препараттар жойылуы мүмкін. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілерді қолданыстан шығару туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top