Енді азаматтық істердің бір бөлігін нотариустар қарайды

Бұрын соттар қараған азаматтық істердің бір бөлігі енді нотариустарға беріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрін енді нотариустар қарастыратынын көздейді. Бұл – берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбекақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариус куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар» деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.

Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top