Еркінқала ауылында 1 адам газдан уланып көз жұмды

Қайғылы жағдай бүгін, 10 қаңтар күні, сағат 09:55 шамасында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еркінқала ауылы, Даулетов көшесі, 1 «Б» мекен-жайында орналасқан жеке тұрғын үйдің пештік жылыту жүйесінде ақау пайда болып, табиғи газ кеңістікке тарап кеткен.

Үй ішіне жайылған газдан 1955 жылы туған азаматша уланып, оқиға орнында көз жұмды. Ал қасындағы 1950 жылы туған екінші адам дереу ауруханаға жеткізілген.

Айдос Қарабала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top