Халық санағы қашан жүргізіледі?

Қазақстанда 2019 жылға жоспарланған халық санағы 2020 жылға шегерілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлімдеді. 

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан заңнамасы және халықаралық ұсыныстар бойынша, халық санағы кемінде он жылда бір рет жүргізіледі.

Елімізде халық санағын жүргізуге дайындық 2017 жылы басталған.Халықаралық әдістемеге сәйкес, халық санағын күз-қыс мезгілдеріне жүргізу оңтайлы.

«2020 жылы халық санағын жүргізудің ең қолайлы мерзімдері ақпан-наурыз айлары. Ұлттық санақты жүргізумен байланысты бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқаулық сәттерді есепке ала отырып, ҚР халқының ұлттық санағын 2020 жылдың басында өткізу туралы шешім қабылданды» деп хабарлады статистика комитеті.

2020 жылы халық санағын жүргізу туралы Үкімет қаулысының жобасы қазір мемлекеттік органдар және әкімдіктермен келісу үстінде. Қаулы жобасы қабылданған жағдайда халық санағы 2020 жылы 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында өткізіледі.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top