Халық жазушысы халықаралық турнирдің ең үздік ойыншысы атанды

83 жасар халық жазушысы Халықаралық турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.

8-10 ақпан күндері Атырау қаласында Д.Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті.

Үш күн бойы Өзбекстанның Ташкент қаласының, еліміздің Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы, Шымкент, Ақтау, Астана және Атырау қаласының спортшылар қатысты.

Жарыс жеңімпазын Алматы қаласының «Казнау Буревестник» құрама командасы иеленді. Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменов бастаған бұл команда барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты.

Екінші орынды Ақтау қаласының «Маңғыстау» командасы еншілесе, үздік үштікті Тараз қаласының «Ардагер» командасы қорытындылады.

Жарыстың үздік ойыншысы болып Олжас Омарұлы танылды. 83 жасар ардагерге дәстүр бойынша «ат» мінгізілді. Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге жарыс қонақтары жоғары бағасын берді.

Хорлан Смадияр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top