І турда «Атырау» Қызылордаға барады

Қостанайда Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымының күнтізбесі құрылды. Арнайы жеребе тарту рәсімі арқылы командалар өздерінің алғашқы қарсыластарының кім екенін білді.

Команда өкілдері мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мамандары қатысқан жиында клубтар үш топқа бөлінді. Алғашқы топқа «Астана», екінші топқа «Қайрат», Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар» мен «Жетісу» командалары енді. Ал үшінші топқа – «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес» және «Тараз» командалары болды.

– Біз командаларды себеттерге бөліп тастадық. Мысалы, бір себетте – оңтүстіктің командалары. Бұл чемпиондар лигасы мен еуропа лигасында ойнайтын клубтарымыздың сол жарыс басталған кезде бір-бірімен ойнап қалмауы үшін жасалды, – деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атқарушы директоры Александр Кеплин.

Ал алғашқы және екінші топтың командалары бірінші тур ойындарын өз алаңдарында өткізу құқына ие болды. Өзіміздің «Атырау» біріншілікті сырт алаңда «Қайсарға» қарсы бастайды. «Тобыл» өз алаңында «Ертісті» қабылдаса, күміс жүлденің «тұрақты» командасы «Қайрат» «Таразбен» кездеседі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы «Шахтермен» ойнайды. Сондай-ақ, «Астананың» осы маусымдағы алғашқы қарсыласы «Ақтөбе» болса, «Жетісудыкі» – көкшетаулық «Оқжетпес». Алғашқы тур ойындары 9 және 10 наурыз күндері өтеді.

Қатары жаңа ойыншылармен толыққан «Атырау» биылғы маусымда кез келген қарсыласқа тісін батыра алады. Қазіргі уақытта команда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу ұйымдастырып үлгерді. Соңғы рет бүгін Грузияның «Дила» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Алдағы уақытта команда туралы барлық ақпаратты біздің сайтымыздан оқи аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top