Мас күйінде көлік жүргізген

Атырау облысы, Құрманғазы ауданында мас күйінде көлік жүргізген азамат құжатынан айырылып, қоғамдық жұмысқа тартылған.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Басты сот талқылауында анықталғандай, айыпкер бұрын автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Алайда, былтырғы 17 желтоқсанда екі шөлмек сыраны ішкеннен кейін өзінің меншігіндегі автокөлігін тағы да масаң күйінде жүргізген.

Сот аталған азаматты Қылмыстық Кодекстің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде үкім шығарды.

Айқара Ғұмар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top