Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі анықталды

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі анықталды

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд. теңгеге жеткен.

Оның 124,3 млрд. теңгесі (93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд. теңге (6,5%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Ал жоғарыда аталған мерзім ішінде МСҚ-на Атырау облысы бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы – 8 млрд 342 млн. Оның 8 млрд. 46 млн. теңгесі (96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 296 млн. теңге (3,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардан түскен.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Leave a Comment