Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында – жаңа басшы

Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов аймақ активіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысын таныстырды.

Мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу конкурсының қортындысы бойынша Асқар Жанахмет аталған лауазымға тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Серік Шәпкенов жаңа басшының тәжірибесі мен біліктілігі жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға септігін тигізетінін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Құрылыс және экономика бойынша жоғары білімі бар Асқар Жанахмет еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер қызметінен бастап, кейін жеке компанияның бас директоры болған. 2012 жылы мемлекеттік қызметте жұмыс істеп бастады: бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметін атқарып келген ол бүгіннен бастап жаңа орынға отырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Top